12:39, 10 Қаңтар 2009 | GMT +5
Петропавлда журналистер Ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығы жұмысымен танысты
ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Кеше Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Журналистер орталықтың және ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының жұмыстарымен танысты. Жедел басқару орталығы ішкі істер органдарының қуатты техникалық және жедел-талдау кешені болып табылады. Мұнда қылмыстар, құқық бұзушылық және оқиғалар жөніндегі барлық келіп түскен ақпараттар жинақталып талданып отырады, полиция бөлімшелерінің күш-жігері үйлестіріледі, олардың қызмет бабына қажетті ақпараттар ұсынылады. ІІД-нің жедел басқару орталығында төтенше жағдайлар залы, бар, ол ҚР ІІМ-нің Жағдайлар орталығымен жалғастырылған. Облыстағы жедел жағдайға бейнекамералар және спутниктік байланыс арналары арқылы бақылау жүргізіледі.Жедел басқару орталығының бастығы полиция полковнигі Еркеш Қаженовтің айтуынша, орталық іске қосылғаннан бері полиция бөлімшелері жұмысының тиімділігі едәуір артты, қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу жақсарды, жасалған қылмыстарды ізін суытпай ашудың мүмкіндіктері туды. Бейнебақылау жүйесін пайдаланудың арқасында өткен жылы 10400 құқық бұзушылық тіркелді.