Петропавлда жыл басынан бері такси жүргізушісіне жасалған екінші қарақшылық шабуыл ашылды
Оның үстіне қарақшылар жүргізуші өлімін алдын ала жоспарлап отырған, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.
Қаңтардың аяғында орталықтан Жұмысшы кентіне бара жатқан таксидегі екі жолаушы «БМВ» көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасады. Қала сыртына шыққан кезде таксиде отырған екі жолаушы көлікті тоқтатуды сұраған. Осы уақытта көліктін артқы бөлігінде отырған жігіт жүргізушінің мойнына жіп лақтырып, қылқындырған, ал қасында отырған екінші жолаушы оны ұра бастаған. 25 жастағы жүргізуші қарсылық көрсетіп, күрес барысында мойнына тартылған жіп үзіліп кеткен. Осы кезде қарақшылардын біреуі көлікте жатқан өрт сөндіру құрылғысымен жәбірленушінің басына бірнеше соққы жасаған. Кейін такси жүргізушісін сүйреп шығарып, көліктін жүк бөлігіне жатқызған. Олардың біреуі көлікті от алдырып, қала сыртына қарай бет алған.
Жәбірленуші жүк бөлігінің есігін ақырындап ашып, автомашина жылдамдығын түсірген кезде, көліктен секіріп кеткен. Жақын жердегі үйлерге барып, полицияға хабарлаған. Бұл қылмыс және жол полициясының және патрульдік полиция батальонының барлық экипаждарына жіберілді. Сонымен қатар қарақшылық шабуыл жайлы ақпарат такси жүргізушілеріне де жеткізілді. Өткен жылы тәртіп сақшылары такси қызметінің фирма-операторларымен қылмыс ашуда көмек көрсетіп, қарым-қатынас жасау туралы келісім жасаған болатын. Осындай байланыстың арқасында қарақшылардын аты-жөндерін анықтауға мүмкіндік болды.
Петропавл қалалық ІІБ-на такси көлігінің бір жүргізушісі келіп, қарақшылар туралы берілген ақпаратқа ұқсайтын екі ер адамды бірнеше рет қала маңындағы Петерфельд селосына апарғанын хабарлады. Ал қылмыс жасалған күні оларды қала ортасындағы сауда кешені жанында көріп, «БМВ» такси көлігіне отырғандарын байқаған. Бұл ақпарат бойынша күдіктілердін аты-жөндері анықталды, бірақ тұратын мекен-жайларында олар болған жоқ.
Келесі күні таңертең жол полициясының инспекторы полиция старшинасы Сергей Строганов және жол полициясының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Болат Нұржақыпов Астана-Петропавл тас жолында Аққайың ауданының аумағында қызмет атқарып жүрген болатын. Тәртіп сақшылары оларға қарай жүріп келе жатқан көліктердін арасынан іздеуде жүрген жасыл түсті «БМВ» автомашинасын байқайды.
Жол полициясының экипажын көрген шетел көлігінің жүргізушісі жылдамдықты қоса түскен. Сақшыларға сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүрген БМВ -ні қуып жетуге оңай болған жоқ. Жол полициясының қызметкерлері автомашинаның аудан орталығы Смирнов селосына кіріп кеткенін анықтады.
Смирнов селосын тексеру барысында полицейлер Заводской көшесіндегі жеке үйдің ауласында тұрған жасыл түсті темір тұлпарды тапты. Полицейлерді күтпеген сезіктілер үй ішінде құрықталды. Тәртіп сақшыларынан қашып, құтылдық деп ойлаған сезіктілер Смирновта тұратын таныстарына келген.
Ұсталғандар Петропавл қаласының 22 жастағы және Петерфельд селосының 18 жастағы тұрғындары болып шықты. Тергеу барысында олар бар кінәларын мойындап, қылмысқа алдын ала дайындалғандарын, жүргізушіні қылқындырған жіпті арнайы сатып алғандарын айтты. Қарақшылар такси жүргізушісін өлтіріп, темір тұлпарды сатып жібермекші болған. Кейін елімізден кетіп қалуды жоспарлаған.
Қазіргі кезде бұл факті бойынша ҚР ҚК 179-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, қарақшылардың екеуі де қамауға алынды.