Петропавлдағы «Жастар» стадионында жабық корт өртенді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда өрт сөндірушілер «Жастар» стадионында шыққан өртті ауыздықтады.

Петропавлда өрт сөндірушілер «Жастар» стадионында шыққан өртті ауыздықтады
Фото: видеодан алынды

Мамандардың айтуынша, өрт стадионның жанындағы гараждан шыққан. Лапылдаған жалын жабық футбол алаңына ауысып, ол әп-сәтте жанып кетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнында, жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер туралы «112» нөміріне ақпарат түскен жоқ. Қазіргі уақытта өрттің аумағы, келген шығын анықталып жатыр.

Бұған дейін Петропавлда «Рахат» сауда орталығы жанып кеткен еді. 

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы базардан өрт шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар