Петропавлдағы ЖЭО-2 нысандарына автоматтандырылған мониторинг жүйелері орнатылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Жаңа жүйе Экологиялық кодекске сай орнатылды және қазір сынақ режимінде жұмыс істеп жатыр.

Петропавлдағы ЖЭО-2 нысандарына автоматтандырылған мониторинг жүйелері орнатылды
Фото: «Севказэнерго» АҚ

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорын автоматтандырылған мониторинг жүйелерін мердігерден ресми қабылдауды әлі толық аяқтаған жоқ.

 Петропавлдағы ЖЭО-2 нысандарына автоматтандырылған мониторинг жүйелері орнатылды
Фото: «Севказэнерго» АҚ

Жабдықтар Петропавл 2-Жылу электр орталығының үш негізгі нысанына: Есіл өзеніне құятын су құбырына, №3 түтін мұржасына және жаңадан салынған түтін мұржасына орнатылды. Судың сапасы нақты уақытта бақыланады.

- Жобаның ең басты бөлігі – Есіл өзеніне ағатын су құбырына автоматтандырылған су мониторингі жүйесін орнатып, іске қосу болды.

 Петропавлдағы ЖЭО-2 нысандарына автоматтандырылған мониторинг жүйелері орнатылды
Фото: «Севказэнерго» АҚ

Қазір бұл жүйе сынақ режимінде жұмыс істеп тұр және ол Белое көлінен келетін судың сапасын бақылау үшін қолданылады.

Орнатылған жабдық нақты уақыт режимінде негізгі көрсеткіштерін - су шығынын, температураны, сутегі көрсеткішін, электр өткізгіштікті, лайлану деңгейін көрсетеді, - дейді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Николай Максимов.

 Петропавлдағы ЖЭО-2 нысандарына автоматтандырылған мониторинг жүйелері орнатылды
Фото: «Севказэнерго» АҚ

Маманның айтуынша, әр 20 минут сайын алынған деректер өңделіп, мұрағатталады және автоматты түрде «Қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Бұл ақпарат 5 жылға дейін сақталады.

Түтін мұржаларына орнатылған жүйелер де іске қосылған. Олар арқылы кәсіпорын атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін тәулік бойы бақылай алады. Бұл – белгіленген экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

 Петропавлдағы ЖЭО-2 нысандарына автоматтандырылған мониторинг жүйелері орнатылды
Фото: «Севказэнерго» АҚ

- Бұл – экологиялық ашықтық пен жауапкершілікке бағытталған маңызды қадам. Орнатылған жүйелер белгіленген нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ете отырып, ластаушы заттардың шығарындыларының көлемін тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді, — дейді Николай Максимов.

Бұған дейін Петропавл ЖЭО-2-нің жаңа түтін мұржасы іске қосылғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар