Петропавлдағы 778 үйге бақылау камерасы орнатылған
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы полиция басқармасының бастығы Марат Төлебаев ПИК төрағалары және жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, онда аймақтағы қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Жергілікті полиция қызметінің басшысы Айдын Байматов көше мен қоғамдық орындарда биыл қылмыс 25% аз жасалғанын атап өтті. Қылмыстың алдын-алу және анықтауда бейнебақылау камералары үлкен рөл атқарады. Олардың көмегімен 466 қылмыс, 4 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 788 тұрғын үйдің кіре берісі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
М.Төлебаев өз кезегінде департамент тұрғындардан келіп түскен кез келген ұсынысты және ескертуді қарауға дайын екенін, олардың негізінде полиция бөлімшелерінің жұмысын түзететінін атап өтті.