21:52, 13 Тамыз 2015 | GMT +5
Петропавлдағы Абылай хан резиденциясын жөндеуге 15 млн. теңге жұмсалды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда жөнделген «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені келушілерге есігін ашты. Мұражайды жаңартуға облыстық бюджеттен 15 млн. теңге жұмсалды.

«Конституция күні қарсаңында, жөндеу жұмыстарынан кейін біз «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенін тағы ашып жатырмыз. Ашылғалы 7 жыл өтті. Сол кезден жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Облыс басшылығының арқасында бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді. Бұл ақша ішкі жұмыстарды жүргізуге кетті. 4 зал мен ғимараттың қасбеті жөнделді», - деп ақпараттандырды «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінің директоры Гүлнар Сыздықова.
Еске сала кетейік, кешен 2008 жылы 21 тамызда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен ашылған.