Петропавлдағы балалар колониясының тәрбиеленушілері қалаға экскурсия жасады, мешіт пен шіркеуде болды

АСТАНА.  Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ -   Петропавлдағы    балалар колониясының  тәрбиеленушілері    сейсенбі күні қылмыстық-атқару  жүйесі  қызметкерлерімен   бірге  облыс орталығына   экскурсия   жасады, 
None
None

деп  хабарлады    колонияның бастығы  Бибігүл  Мансұрова.

Кәмелетке  толмаған      сотталғандар   Абылайхан   Ордасының  мұражайында  болып, оның  құрылу  тарихымен,   тарихи жәдігерлермен,     ұлы  қолбасшының  өмірімен  және  ерлігімен   танысты.  Колония тәрбиеленушілері сондай-ақ,    «Қызылжар»   мешітінде және   православ  шіркеуінде  болды. Экскурсия  «Нұр Отан»  партиясының    Петропавл филиалының     белсенді  қолдауымен   өтті.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай   мәдени-бұқаралық шаралардың      нәтижесі   жасөспірімдерді  тәрбиелеудің   жалпы   үрдісіне  оң  әсер етеді,      түзету  орындарында  жақсы  моральдық-психологиялық    жағдай  қалыптастырады,  деп атап көрсетті  Б.Мансұрова.

Соңғы жаңалықтар