17:03, 23 Тамыз 2014 | GMT +5
Петропавлдағы жәрмеңкеде фермерлер 51 млн. теңгеден астам соманың өнімдерін өткізді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда үлкен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Облыстың тауар өндірушілері 51 млн.-нан астам теңгенің өнімдерін өткізді.

Жәрмеңкеде петропавлдықтардың кез келген тауарды сатып алуына мүмкіндік туды. Ет, құс, сиыр және шошқа еті, балық, ұн, көкөніс, жемістер мен сүт өнімдері мол болды.
«Облыс әкімінің тапсырмасымен жәрмеңке үшінші рет өтіп отыр. Оған өңірдің сегіз ауданы мен Петропавл қаласы қатысуда. Келушілерге 80-нен астам түрлі тауарлар ұсынылды. Барлығы 51,2 млн. теңгенің өнімдері өткізілді, соның ішінде аудандардан 31 млн.-нан астам теңгенің өнімдері әкелінді. Бағалары нарықтағыдан 10-20 пайызға арзан», - деді кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастығы Еркебұлан Қаменов.