14:19, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Петропавлдағы жүйке дертіне шалдыққан балалар интернат үйінің директоры жалақысына заңсыз 30 пайыздық үстеме қосып алған
АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавлдағы жүйке дертіне шалдыққан балалар интернат үйін тексеру барысында аталмыш мекеме директорының жалақысына әртүрлі мөлшердегі үстеме қосып алғандығы туралы фактіні анықтады,

деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Интернат үйінің директоры А.С. Белогуб өзінің бұйрығымен қызмет көрсету аумағын кеңейткені үшін қызметтік жалақысына 30 пайыздық үстеме қосып алған.
Бас прокуратура баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 2009-2010 жылдарда заңсыз бұйрықтар арқылы 700 мың теңге берілген.