Петропавлдан Шымкентке айдың соңына қарай әуе рейсі ашылады

самолет Scat Скат ұшақ
Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлдан Шымкентке әуе рейсі ашылады. Жоспар бойынша маусымның 20-сынан кейін екі қала арасында аптасына екі рет Boeing ұшағы ұшатын болды. 

«Қызыл-жар халықаралық әуежайы» ЖШС директорының орынбасары Серік Дәулетовтың айтуынша, қызметті SCAT әуе компаниясы көрсетеді.

«Boeing ұшағы дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшатын болды. Әзірге билет құны 25 мың теңге деп отырмыз. Қазіргі уақытта Астана мен Алматыға екі рейс бар. Астанаға күнде, Алматыға дүйсенбі мен бейсенбіден басқа күндері аптасына бес рет ұшақ ұшады», - деді Серік Дәулетов.

Бұған дейін СҚО-да «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 40-қа жуық фермер несие алғанын айтқан едік.

Соңғы жаңалықтар