Петропавлдық блогер бейәдеп сөздері үшін айыппұл арқалады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавл тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

ТШО, Каспий мұнай, Маңғыстаумұнайгаз және NCOC–ке қомақты сомада айыппұл салынды
Фото: Kazinform

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, әкімшілік іс Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Ш. атты ер адам TikTok әлеуметтік желісінің белсенді пайдаланушысы. Ол өзінің қатысуымен былапыт, бейәдеп сөздер айтылған бейнежазбаны жұрт назарына жариялаған.

Сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі – «ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп танып, 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салды. 

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Бұған дейін Астанада блогер Ерболат Жанабыловтың жұбайына қатысты сот процесі басталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар