Петропавлдың бірнеше ауданы жарықсыз отыр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлдың орталығындағы бірнеше шағын ауданы және Мичурино елді мекеніні электр қуатынсыз қалды. Энергетиктер екі сағат ішінде жарықты қосуға уәде етті.

жарық
Фото: Pixabay

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 16.21 минут кеткенде «Солтүстік Қазақстан электржелі тарату компаниясы» АҚ қызметкерлері электр қондырғыларында технологиялық қателікті байқаған.

Салдарынан Петропавлдағы облыстық әкімдік, «Рахмет» сауда үйі орналасқан аудан және қала маңындағы Мичурино елді мекені электр қуатынан ажыратылды.

Бұл — 4 мыңға жуық абонент және 150-ге жуық кеңсе-мекеме. 

Қазіргі уақытта 3 бригада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, сол маңдағы үйлердің көбіне жарық берілді. 

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып тұр. Бұған дейін жолдардың жабылғанын айтқан едік.   

Соңғы жаңалықтар