Петропавлдық медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін стадионда атап өтті

ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің алдында Петропавлда осы саланың ең үздік мамандары марапатталды.
None
None

Медицина қызметкерлерін құттықтаған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов: «Ағымдағы жылдың маусымында Петропавл қаласында 80 пәтерлі коммуналдық жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешеді», - деп атап өтті.

Алаңға жиналған медициналық колледж түлектеріне аймақ басшысы солтүстікқазақстандық студенттердің Қазақстанның медициналық ЖОО-на оқуға түсуі үшін 100 грант бөлінгендігін жария етті.

Салтанатты жиын барысында денсаулық сақтау саласының көптеген мамандары облыс әкімі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар