Петропавлдың 30 тұрғыны ҚР Президентінің Алғыс хатына ие болды (ФОТО)

Марапатталғандардың арасында түрлі сала өкілдері: мемлекеттік қызметкерлер, энергетиктер, кәсіпкерлер, ардагерлер, педагогтар, дәрігерлер бар. Олардың барлығы ҚР Президентін сайлау науқанында белсенді еңбек етті.
«Бүгін жақсы міндетті атқарып отырмын, облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан барлықтарыңызға ҚР Президентін сайлау кезіндегі сайлау науқанына белсенді қатысқандарыңыз үшін шынайы алғысымды, ризашылығымды білдіремін», - деді Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов. Сондай-ақ, петропавлдықтарға қала әкімі М.Тасмағанбетовтың атынан Алғыс хат пен иесінің есімі жазылған сағаттар берілді. ҚР Президентін сайлау кезінде Петропавлда 133 мыңнан астам қала тұрғыны дауыс бергенін айта кету керек. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 95 пайызы.