Петропавлдың құрылыс материалдары зауыты 2014 жылы 166 млн. теңгенің өнімін шығарды
2014 жылдың қаңтар-сәуір айларында ПҚМЗ өндіріс көлемі 166 млн.теңгені құрады. Бүгінгі таңда кәсіпорын Қазақстан аймақтарымен ғана емес, сонымен бірге, РФ өңірлерімен де белсенді ынтымақтастық орнатқан.
«Ағымдағы жылы өнеркәсіп көлемі 7-8 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда біз тек көптеген таяу елдермен ғана емес, алыс шетелдермен де ынтымақтасу мүмкіндіктерін қарастырудамыз», - деді «ПҚМЗ» ЖШС бас директорының орынбасары Андрей Титов.
Аймақ басшысы «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да болды. 2013 жылы кәсіпорын индустрияландыру картасына «Энергетикалық қазандық құрылғысын дайындау бойынша кәсіпорын құру» жобасымен енген.
«Инвестициялар көлемі 600 млн. теңгені құрады. Осы бағдарламаның аясында дайындалған өнім елдің энергетикалық саласын отандық өндіріс өнімімен қамтамасыз етіп, қазақстандық үлес мөлшерін 40-60 пайызға ұлғайтуы тиіс», - деді «ПАМЖЗ» АҚ бас директоры Қуаныш Бишімов.