Петропавлдың орталығында «Самовар» кафесі жанып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда қаладағы ең ірі кафелердің бірі жанып кетті. Төтенше жағдайға облыс орталығының барлық өрт сөндіру бөлімшелерінен 40 адам және 13 арнайы көлік жұмылдырылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев хабарлады.
None
None

«101 нөміріне ТЖ туралы хабар 20:07-де келіп түскен. Онда Бейбітшілік 81 мекен-жайында орналасқан «Самовар» кафесінің өртке оранғаны жайлы хабарланған. Құтқарушылар келгенге дейін қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылған. Тілсіз жау 400 шаршы метр жерді шарпыған. 21:47-де өрт ауыздықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - дейді ТЖД баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар