10:55, 19 Маусым 2022 | GMT +5
Pfizer вакцинасының бірінші дозасымен 1 213 494 адам қамтылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 маусымда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 518 946 адам, екінші компонентін 9 298 126 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, қазіргі жағдайда Pfizer вакцинасының бірінші дозасымен 1 213 494 адам қамтылған, екінші дозасын 1 111 799 тұрғын салдырған.
«Оның ішінде бірінші компонентін жасөспірімдердің – 864 573-і, жүкті әйелдердің – 41 003-і, бала емізетін аналардың 144 534-і қабылдады. Екіншіші компанентімен жасөспірімдер – 827 418-і, жүкті әйелдердің – 37 306-сы, бала емізетін әйелдердің 134 993-і қамтылды», - деп жазды ведомство.