Пхенчхан Олимпиадасының бас аспазы елордалықтарды корей тағамдарымен таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пхенчханда өткен Олимпиада ойындарының бас аспазы Хан Чуль Бэ Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын корей ұлтының тағамдарымен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордадағы «Мэрриот» қонақүйінде корей тағамдарының кеші өтті. Фестиваль осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

«Кореялық ас үй бүтін әлемде өте танымал. Кореяда ең үздік аспаздардың басын қосқан арнайы ұйым бар. Оларды корей ас үйінінің танымалдылығын арттыру және тренингтер өткізу үшін әлем елдеріне жібереді. Бұл институт Корей ұлттық орталықтары арқылы жұмыс істейді. Олар бағдарламаға қатысу үшін жергілікті қонақүйлерді ұсынып отырады. Міне, бұл іс-шара Нұр-Сұлтан қаласында да тамаша өтті», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстандағы Корей елшісі Ким Дэсик.


Корей ас үйінің шебері, ұлттық коллегияның төрағасы Хан Чуль Бэ елордалықтарды өзі дайындаған тағамдардан ауыз тигізді. Олардың арасында – балқарағай жаңғағынан жасалған тұздық қосылған теңіз өнімдері, тауық етінен жасалған пунш және жаңа піскен жемістер, адамшөп пен тауық етінен жасалған көже бар.

Елші Ким Дэсик өз ұлтының және қазақтардың кейбір тағамдары ұқсас келетінін жеткізді.

Сондай-ақ, оның айтуынша, депортацияланған корейлер өздерінің ұлттық тағамдарына қазақ асының элементтерін қосқан. Бұдан олар одан әрі дәмді бола түскен.

«Корейлер қан қосылған шұжық – сундэні әзірлейді. Ол сиырдың ішегін қайнату немесе буда ұстау жолымен дайындалады. Оған алдын ала түрлі қоспалар салынады. Бұл тағам қазыға немесе шұжыққа ұқсайды», - деп бөлісті ол.



Соңғы жаңалықтар