Philip Morris Қазақстан бюджетіне 1,2 трлн теңге салық төледі

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Philip Morris International компаниясының ТМД және Орталық Азия өңірі бойынша президенті Марко Мариоттимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Филипп Моррис
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Philip Morris International компаниясының ТМД және Орталық Азия өңірі бойынша президенті Марко Мариоттимен инвестициялық ықпалдастық мәселесін талқылады.

Компания орнықты дамуға және инновациялар енгізуге үлес қосып келеді, сондай-ақ ірі салық төлеушілер санатына енеді.

Philip Morris Қазақстан бюджетіне 1,2 трлн теңге салық төледі
Фото: Ақорда

1994 жылдан бастап 2023 жылға дейін Philip Morris компаниясы Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 1,2 триллион теңгеден аса салық түсімін аударды.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысын өткізгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар