Пиралы Әлиев «Каспий» командасына бас бапкер болды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық маман Пиралы Әлиев «Каспий» футбол клубының бас бапкері болды.

Пиралы Әлиев «Каспий» командасына бас бапкер болды
Фото: kazfootball.kz

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы футбол мектебінің түлегі ойыншы ретінде «Қайрат», «Атырау», «Жетісу», «Локомотив», «Тобыл», «Ордабасы» және «Ертіс» клубтарының намысын қорғады.

2006 және 2007 жылдары «Жеңіс» клубында Қазақстан чемпионы атанып, ұлттық құрама сапында 5 матч өткізді.

Бапкерлік мансабын 2021 жылы Түркияның «Истанбулспор» клубының жастар командасының бас бапкері ретінде бастап, жергілікті B дивизионының чемпионы болды.

Бұдан бөлек, 2023 жылы Түркия Суперлигасындағы «Истанбулспор» негізгі командасының бас бапкері міндетін атқарып, екі ойынға қатысты. 2024 және 2025 маусымдарында «Жеңіс» футбол клубының бас бапкерінің ассистенті қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Ertis» футбол клубы команданың бас бапкері болып қызметіне Беларусь маманы Кирилл Альшевский тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар