Питонды тірі күшіктермен және мысықтармен азықтандырған әйелдің үстінен іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық полиция  питонын  тірі күшіктермен және мысықтармен азықтандырған Лоха қаласы  (Гранада провинциясы) тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады.

 Питонды тірі күшіктермен және мысықтармен азықтандырған әйелдің үстінен іс қозғалды

Бұл туралы International Business Times хабарлады. Әйел интернетке ірі жыланды сататыны туралы хабарландыру орналастырған. Ол хайуанаттарды паналататын мекеме қызметкерінің көзіне түседі. Бір қызығы, хабарландырумен қоса жыланның күшікті буындырып жатқан фотосын қоса салынған.

Әлгі қызметкер сатып алушы ретінде хабарландыруда көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалады. Питон иесі оған жыланын ұдайы тірі мысықтармен, күшіктермен және құстармен азықтандыратындығын айтып береді.

хайуанаттарды паналататын мекеменің қызметкері бұл туралы Испания Азаматтық гвардиясының жануарларды қорғайтын бөліміне хабарлайды.

Питонның иесін тергеу жұмыстары басталды. Әйелге жануарларға қатігездік көрсетті деген күдік келтірілуде.

 Испанияның қылмыстық заңнамасында үй жануарларына жазықсыз зиян келтірсе немесе негізсіз өлтірсе, үш айдан бір жылға дейін түрмеге отырғызу жазасы қарастырылған.