09:37, 03 Ақпан 2023 | GMT +5
Пияз артқан екі жүк көлігі Ресейге өтіп кетпек болған
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Пияз артқан екі ауыр жүк көлігі шекарадан өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31 қаңтарда Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті пиязды тасымалдаған 2 ауыр жүк автокөлік құралының шығуына жол бермеді.
»Ақтөбе облысындағы «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінен (Қазақстан-Ресей шекарасы) Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан пияз тасымалдаған 2 ауыр жүк көлігі өтіп кетпек болған. Аталған автокөлік құралдарының жүргізушілеріне пиязды шекарадан шығаруға тыйым салынғаны туралы хабарланды.
Қазіргі уақытта пиязды жөнелтушілерге қайтару немесе оны Қазақстанның басқа облыстарында сату туралы мәселе шешілуде», - деп жазды департаменттен.
Еске сала кетейік, 28 қаңтардан бастап 3 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салынған болатын.