19:36, 24 Тамыз 2010 | GMT +5
Плющенко Сочи Олимпиадасына қатыспайды
АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Ресей фигурисі Евгений Плющенко жарыстан шығарып тасталуына байланысты Сочи Олимпиадасына қатыспайды. Бұл туралы хабарлама Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығының ресми сайтында жарық көрді, деп хабарлайды «Ресей 24».

Бұған дейін конькимен жүгірудің халықаралық одағы, аталған ұйым өткізген жарыстан Плющенконың шығарылып тасталғанын мәлімдеген болатын. Спортшыны жарыстан шығару туралы шешім осы жылғы маусымның соңына таман қабылданды. Плющенко мұзда мәнерлеп сырғанау федерациясына айтпастан, наурыз және сәуір айларында мұзайдын шоуына қатысқан, сөйтіп ол, Одақ ережесін бұзған. Сонымен қатар, Плющенко алған жарақатына байланысты, наурызда өткен әлем чемпионатына қатысудан бас тартқан, деп ескертеді «Ресей 24».
Плющенкоға 21 күн ішінде швейцарияның Лозанн қаласындағы спорттық төрелік сотқа арыздануына болушы еді, бірақ олай етпеді. Содан барып, ол туралы қабылданған шешім автоматты түрде күшіне енді.