ПМХЗ биылдың 1 тоқсанында жоғары октанды жанармай өндірісінің үлесін 80,32 пайызға жеткізді

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай-химия зауыты үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында жоғары октанды жанармай өндірісінің үлесін 80,32 пайызға жеткізді, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметінен.
None
None

Компанияның атап өтуінше, бұл ақпаратты кәсіпорынның техникалық директоры Оспанбек Әлсейітов мәлім еткен. Оның сөзіне қарағанда, өткен жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 78,75 пайызды құраған.

Кәсіпорын мәліметтері бойынша, көрсетілген мерзім ішінде зауыт іс жүзінде 1 278 226 тонна мұнай өңдеген. Ашық мұнай өнімдерін алу өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 5,38 пайызға артып, 68,65 пайызға жеткен. 2011 жылы 4,6 миллион тонна мұнай өңдеген зауыт биылғы жылы бұл көрсеткішті бекітілген өндірістік бағдарламаға сәйкес 5 миллионға жеткізуді ұйғарып отыр.

Соңғы жаңалықтар