08:45, 29 Наурыз 2021 | GMT +5
Пневмония: 22 адам ауруға шалдығып, 2 науқас қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 наурыздағы коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.
27 наурызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 22 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 217 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 50 433, 682 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 47 645 жетті.