09:10, 03 Сәуір 2021 | GMT +5
Пневмония: Бір күнде 70 адам ауруға шалдығып, 2 сырқат көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 сәуірдегі коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1 сәуірде коронавирус белгілері бар пневмонияның 70 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 192 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 50 765, 696 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 48 610 жетті.