Подмосковьеде құрылыс базары жанып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таңертеңгі сегіздер шамасында өрт бөліміне Мәскеу облысындағы «Ленинградка» құрылыс базары өртке оранғаны жайлы хабарлама түсті.

Подмосковьеде  құрылыс базары жанып жатыр

Азаматтық репортер LifeCorr қосымшасы арқылы Лайфа редакциясына болған оқиға кадрларын жіберді.

Соңғы деректерге сәйкес жалын бірнеше шатырды шарпыған, алаңы 500 метрге жуықтайды. Жедел жеткен ТЖМ тобы өртті ауыздықтаудың қажетті шараларын қабылдады. Өрт сөндіруге тікұшақ та тартылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған оқиғаның жай-жапсарын анықтауда.

Азаматтық журналист жіберген видеосы үшін ақшалай сыйлық алды.