«Подстепное — Федоровка — Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

ОРАЛ. KAZINFORM — Республика күні қарсаңында ұзындығы 144 шақырым болатын «Подстепное — Федоровка — РФ шекарасы» автомобиль жолының барлық учаскесінде асфальтбетон жабынын төсеу жұмысы толық аяқталды.

«Подстепное — Федоровка — Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

Автомобиль жолының «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ теңгеріміндегі 0-36 шақырым және 108-144-шақырым аралығындағы учаскелерінде жұмыс бұрынырақ аяқталып, пайдалануға берілген еді.

Ал жолдың 36-72-шақырымы, 72-108-шақырымы аралығындағы бөлігі Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б. в. қаражаты есебінен 2024 жылы басталып, бүгінде толық жаңарудан өтті.

«Подстепное — Федоровка — Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

Қазіргі таңда асфальтбетон жабынын төсеу толық аяқталды.

Енді тек жолдың қосымша инфрақұрылымын ретке келтіру, соның ішінде жол таңбаларын сызу, жерді рекультивациялау (қалпына келтіру), жол жиегіне көпжылдық шөп егу және жобада қарастырылған басқа да жұмыс жасалып жатыр. Ол қараша айының соңына дейін аяқталмақ.