14:05, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Польша архиепископы: Өзара ынтымақтастықта болу - міндетіміз
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Біз ең алдымен құдайға қызмет етіп, өзара ынтымақтастықта болуға міндеттіміз.

Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі аясындағы «Дағдарыстар кезіндегі ынтымақ» секциясы бойынша баяндама жасаған Польша Саввысы және Варшава метрополитінің өкілі, архиепископ Мирон осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, құдайшылық аясындағы бейбітшілік бұл нағыз дінаралық келісімнің көрінісі болып табылады. «Бүгінгі алқалы жиынға қатысып отырған дінбасылар өз жұмысында осыны насихаттауы тиіс. Қазіргі кезде осы қызметке келген көптеген азаматтар өздерінің негзгі мақсаттарын ұмытып, мүлдем басқа мүдделерді көздеп жатады. Сондықтан біз, ең бірінші құдайға қызмет етіп, өзара ынтымақтастықта болуға міндеттіміз. Сонда ғана әлемде бейбітшілік орнайды», - деді архиепископ Мирон.