Польша билігі құндыздар санағын жүргізбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жақын арадағы екі жыл ішінде ел аумағын мекендеп жатқан құндыздардың жалпыұлттық санағын жүргізуге ниетті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
None
None

Осы санақ нәтижелері бойынша арнайы карта құрылады, онда осы жануарлардың адамға келтіріп жатқан зиянының ауқымдылығы жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік туады. Соның негізінде құндыздардың болашақ тағдыры шешілмек.

Айта кетейік, Польша жеріндегі орманшылар мен аңшылар бірнеше жылдан бері жергілікті билік өкілдеріне құндыздар санының жылдан-жылға көбейіп бара жатқанын айтып шағымданып келеді. Олар балық тоғандарындағы, су басқан алқаптар мен орман алаңдарындағы салдарды бұзумен залал келтіріп жатыр. "Бұрынырақта бұл жануарлар басқа аймақтарға қоныстандырылатын, ал қазір тіпті, оларды қоныс аудартатын жер де қалмаған", - дейді мамандар. Елдің Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі хабарлағандай, мұндай санақ аталмыш жануарларды тиісінше қорғауға алып, биологиялық сан алуандықты сақтауға қатысты мәселелерде халықаралық міндеттемелерді орындау үшін қажет.

Құндыздар Польшаның әсіресе шығыс бөлігінде - Подлясьеде тым көп шоғырланған, соңғы мәліметтерге сүйенсек, мұнда осы түрдің шамамен 15 мың өкілі мекендейді. Сондай-ақ өткен жылы Подлясьенің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Аймақтық дирекциясы осы жануарлардан зардап шегушілерге 2,3 млн. поляк злотыйы көлемінде өтемақы төлеген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум