Польша «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұлттық бөлімнің комиссарын тағайындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша Республикасы Үкіметінің шешімімен Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде Польша бөлімінің ұлттық комиссары тағайындалды. Оның тағайындалуы туралы қаулысына премьер-министрдің орынбасары, Польшаның даму министрі Матеуш Моравецки қол қойды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жаңа тағайындалған ұлттық комиссар Анджей Стефаньски Қазақстанның елшісі Ерік Өтембаевпен өткен кездесуінде «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу бойынша дайындық шараларының барысымен және мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму аясындағы инновациялық ортаның дамуымен таныстырылды. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат туристік индустрияның даму бойынша іске асып келетін жобалар жайлы баяндады.

«Алдағы жылдары Қазақстан туризмнің ірі экономикаларына айналу ықтималдығы жоғары, - деді Е. Өтембаев, - сонымен бірге, қазақстандықтардың дәстүрлі қонақжайлығы мен мейірімділігі, табиғаты, тарихы мен мәдениетінің байлығы және этникалық сан алуандылығы оған оңтайлы ықпал етеді».

Өз кезегінде А. Стефаньский Польша алдағы көрмеде жаңармалы энергетика қорлары саласындағы инновациялық шешімдерін лайықты көрсете алатынын атап өтіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың одан әрі нығаюына сенім білдірді.

Польша тарапы «жаңа энергетика» саласындағы өз табыстарын көрсету бойынша тұжырымдамасын дайындауды жеделдетуді әрі жуық арада барлық ұйымдастырушылық іс-шараларды аяқтауды мақсат тұтып отыр. Сарагоса, Шанхай және Миланда өткен соңғы көрмелерде Польшаның павильондары өз бірегейлігімен ерекшеленіп, көрермендер арасында үлкен табысқа ие болды.
null

Соңғы жаңалықтар
telegram