Польша мен Эстонияда африкандық доңыз обасының жаңа оқиғалары тіркелген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша мен Эстония елдерінде африкандық доңыз обасының жаңа жағдайлары тіркелді. Бұл туралы Беларусь Ауыл шаруашылығы және өндіріс министрлігінің ветеринарлық және азық-түлікке қадағалау жүргізу департаментіне сілтеме жасаған БЕЛТА хабарлайды.
None
None

Халықаралық эпизоотикалық бюросының мәліметтерінше, бұл індеттің жаңа оқиғалары Польшадағы Подляск воеводствосының аумағында, сондай-ақ Эстонияның Валгамаа және Ида-Вирумаа уездерінде тіркелген.

Осыған байланысты департамент Беларусь аумағында Литвадан тірі шошқаларды, былғары, мүйізді-тұяқты және ішектен жасалған шикізаттарды, шошқа қылтанын, аңшылық олжаларын, жануарлардан, соның ішінде балықтар мен құстардан жасалған мал азығы мен азық қоспаларын, термиялық өңдеуден (температурасы плюс 70 градустан төмен емес, өңдеу уақыты - 20 минуттан аз емес) өткізілмеген мысықтар мен иттерге арналған азық қоспаларын, сондай-ақ Польша мен Эстониядан шошқаларды сою және етін бөлшектеу жабдықтарында болған шикізаттың кіргізілуіне жол бермеу бойынша қосымша шараларды қолдану қажеттілігі туралы ақпараттандырады.

Доңыз обасы оқиғалары тіркелген Подляск воеводствосы, Валгамаа және Ида-Вирумаа уездеріне келетін болсақ, бұларда да осындай шектеулер көзделген.

Африкандық доңыз обасы - созылмалы түрде өтетін және көбінесе өлімге соқтыратын жұқпалы вирустық ауру. Бұл індетке жас шамасына және тұқымына қарамастан, жабайы және үй шошқалары ұшырайды. Бұл ауруға қарсы вакцина жоқ. Ауруға шалдыққан шошқалардың барлығы дерлік жойылады. Африкандық доңыз обасының адам үшін қаупі жоқ.

Соңғы жаңалықтар