12:43, 14 Наурыз 2013 | GMT +5
Польша парламенттік делегациясы Қазақстанға іссапармен келеді
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Яцек Ключковскимен кездесті.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Тараптар жүздесу барысында парламентаралық байланыстар жайында пікір алмасты. Елші Мәжілістің вице-спикерін Польша Сейміндегі оның әріптесі вице-спикер Е.Вендерлих бастаған парламенттік делегацияның іс-сапармен келетінінен хабардар етті.
Кездесуге Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты.