Польша Сенатының басшысы: Қазақстан - Орталық Азиядағы Польшаның маңызды әріптесі

Қазақстандық дипломат әңгімелесушісін мерзімінен бұрын өтетін ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау науқаны, әлеуметтік-экономикалық саясат барысымен, екіжақты өзара іс-әрекет перспективаларымен таныстырды. Басты назар польшалық бизнесті қазақстандық нарыққа тартатын инвестициялық тетіктер мен шарттарды жетілдіруді көздейтін бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға аударылды. Польшалық әріптестерге маңызды жобалардың бірі Астанада өтетін «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі болып табылады.
Өңірлік деңгейдегі екжақты ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өткен Е. Өтембаев польша тарапын белгілі бір дәрежеде польшалық тәжірибе ескерілген біздің елдегі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалау барысы жайлы хабардар етті.
Осы сапарлардың қорытындысы бойынша польшалық компанияларды Қазақстандағы кластерлік өндірістерді құруға қатысуға тартуды көздейтін өңірлік ынтымақтастық бойынша пилоттық жоба қолға алынды.
Польша Сенатының басшысы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-ші сессиясында ҚР Президенті айтқан бастамалар туралы, Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның кандидатурасы, ҚХА қызметі және Әлемдік, дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жайлы хабардар етті.
Өз кезегінде, С. Карчевский Қазақстан Орталық Азиядағы Польшаның маңызды әріпесті екенін, оның елі екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша өзара іс-әрекетті одан әрі арттыруға мүдделі екенін атап өтті. Польша Сенаты күллі әлем бойынша польшалық диаспорамен байланысты қолдауда жетекші рөлге ие. Осыған байланысты польшалық Сенат басшысы қазақстан халқына Қазақстанда жылдар бойы өмір сүретін поляктарға ықыласты ниеті үшін алғыс айтты.
Спикер Қазақстандағы жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық өзгерістерге оң баға беріп өтті. Біздің елдер арасындағы ынтымақтастық әлеуетінің елеулі емес екенін айта келе, ол өзара іс-әрекетті нығайтуды жалғастыруға және осы жылы сапармен Қазақстанға келуге ниетті екеніне тоқталды.