18:50, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
Польшада Қазақстан-Польша кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Маусымның 25-26-сында Польшаның Замость қаласында «Шығыс-Батыс» атты Қазақстан-Польша кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Польша-Қазақстан сауда-өндірістік палатасына сілтеме жасап.Форумды Польша-Қазақстан сауда-өндірістік палатасының бастамасымен Замость қаласының әкімшілігі ұйымдастырмақ. Мұндағы мақсат - екі ел кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыс орнату. Шара барысында форумға қатысушылар Польшаның экономика министрімен, Замость мэрімен, кәсіпкерлермен жеке кездесулермен қатар «Замость» еркін экономикалық аймағының жұмысымен таныспақ. Аталмыш жиын 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Былтырғы жылы форумға бизнес-құрылымдардың 200 өкілі қатысқан болатын.