Польшада парламентаралық байланыстың ауқымды мәселелері талқыланды - Сенат

Жүздесу барысында Қазақстан мен Польшаның ынтымақтастығы мен парламентаралық байланыстарының ауқымды мәселелері талқыланды.
А.Бейсенбаев қазақстандық парламентшілер польшалық әріптестерімен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ халықаралық парламенттік ұйымдар аясындағы байланыстарды дамытуға ниеттеніп отырғанын атап өтті.
Төраға орынбасары Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басшы болып табылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының ХІІІ отырысын өткізуге әзірлік жайында жүздесушіні хабардар етті.
Кездесу соңында А.Бейсенбаев Польша елінің компанияларын халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді түрде қатысуға шақырды.
Кездесуге сондай-ақ Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы, Польша Сенатымен ынтымақтастық тобының жетекшісі Серік Ақылбай да қатысты.