Польшада XIII ғасырда салынған шіркеу отқа оранды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның Гожув-Велькопольски қаласында көне шіркеу отқа оранды. Бұл жайлы журналистерге жергілікті өрттен қорғау қызметкері Дариуш Шимура мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
«Гожуве-Великопольски қаласындағы көне шіркеу мұнарасында тұтанған жалынды ауыздықтауға бірнеше ондаған өрт сөндіру қызметтері жұмылдырылды», - дед» Шимура.
Ол өрттің сенбі күні кешкісін шыққандығын айтты, ал қазіргі уақытта тұтастай сөндірілген, оның таралу қаупі жоқ. Сонымен қатар, өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау барысында шіркеу шатырынан су мен өрт сөндіру көпіршігін тасымалдауға арналған шағын саңылау жасауға тура келгендігін айтты.