Польшадағы халықаралық жәрмеңкеде «Бенедикт Поляк: Қазақстан арқылы Еуропадан Азияға» кітабының танысырылымы болды

деп хабарлайды ҚазАқпаратқа ҚР Польшадағы елшілігінің баспасөз қызметі.
ХІІІ ғасырда Ватикан елшісі Джованни Плано Карпинимен бірге ол алғашқы болып Қазақстан даласы арқылы Азияның түпкіріне сахатқа шықты.
Жергілікті билік және мекемелермен қоса жәрмеңкеге Риллие-ля-Пап (Франция) аталатын әріптес қаладан келген делегация және Қазақстанның Варшавадағы елшілігінің өкілдері де қатысты.
Әйгілі саяхатшы Марк Полоға дейін ширек ғасыр бұрын - 1246 жылы Рим папасы Иннокентий IV-тің елшісі ретінде Бенедикт Поляк Францияның Лион қаласынан басталған саяхатында Күйік хан қабылдаған Қарақорым қаласында болып, одан кейін 1249 жылы Римге аман-сау қайта оралды. Польшалық монах бұл саяхаты жөнінде «Татарлар туралы кітап» жазды, соның арқасында бүкіл Еуропа Оралтау сыртындағы кеңбайтақ дала тұрғындарының тұрмысы мен өмірі туралы танып білді.
Бенедикт Поляк атындағы жәрмеңке барысында қазақстандық дипломатиялық миссия біздің республикамыз туралы фотосуреттерден көрме ұйымдастырды, соның арқасында Ленчица тұрғындары мен франциялық делегаттар өздері үшін қазіргі заманғы Қазақстан туралы мол мағлұматтар алды. Астананың 11 жылдығы ауқымында Қазақстанның жаңа астанасы көрменің басты тақырыбына айналды.