Полицей көшеде ұйықтап жатқан мас адамның 845 мың теңгесін қайтарып берді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы көшелердің бірінде мас күйінде ұйықтап қалған адамның ұялы телефоны мен жарты милионнан астам ақшасын қайтарып берген тәртіп сақшысы алғысқа ие болды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
- Жаңа жыл қарсаңында Успен ауданының тұрғыны ішімдік ішіп, Қайырбаев көшесі маңындағы дүкендердің бірінің жанында ұйықтап қалған, - деді баспасөз қызметінде. - Қалалық ІІБ Орталық ПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қайрат Қайырбеков әкімшілік учаскеге тексеріс жүргізіп, 62 жастағы тұрғынды анықтаған. Өз еркімен тұрып жүре алатын халі болмаған ер адамды полиция пунктіне дейін көтеріп апару үшін өтіп бара жатқан адамнан өтінген. Учаскеде ер адам құжаттарын алып шығарғанда қалтасынан ақша орамдары және ұялы телефоны құлап түсті. Қайрат ер адамның ұялы телефонында қызының нөмірін тауып алып, оған әкесінің қатты масайған күйінде екендігін айтты. Кейін 845 000 тенге және құжаттар қолхат жазу арқылы қызына тапсырылды. Өз кезегінде 62 жастағы аудан тұрғыны полиция капитаны Қайрат Қайырбековке алғысын білдірді.