18:47, 20 Сәуір 2017 | GMT +5
Полицей жылдамдықты шамадан тыс арттырғаны үшін өз-өзіне 300 доллар айыппұл салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Оклахома штаты, Сперри қаласындағы полицей жылдамдықты шамадан тыс арттырғаны үшін өз-өзіне айыппұл салды.

Бұл туралы UPI хабарлады.
Сперри тұрғындарының бірі сағатына 130 шақырым жылдамдықпен келе жатқан автомобильді видеоға түсіріп алды. Рульде қалалық полиция басқармасының басшысы Джастин Берч (Justin Burch) отырған. Ол таспаны көргеннен кейін қала тұрғындарына Facebook арқылы, «менің асығуымның себебі болды, бірақ жылдамдықты асырғаным дұрыс болмады», - деп жазды.
Сондай-ақ, Джастин Берч келіп түскен шағымнан кейін өзіне айыппұл салып, барлық азаматтар секілді оны төлейтіндігін хабарлады.
Жол ережесін бұзғаны үшін полиция басқармасының басшысы 300 доллардан астам айыппұл төлейтін болды.