Полицейдің әкiмге немесе министрге айыппұл сала алатынына қоғам сенбейдi - ҚР Президентi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицейлердiң мәртебесi мен оның азаматтар алдындағы жауапкершiлiлiгiн арттыру қажет. Бұл туралы бүгiн Астанада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVI съезiнде ҚР Президентi, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлiм еттi.

Полицейдің әкiмге немесе министрге айыппұл сала алатынына қоғам сенбейдi - ҚР Президентi

«Полиция қоғамның сенiмiнен шығуы керек. Қазiр қоғам жол-патрульдiк қызметтiң офицерi жол ережесiн бұзғаны үшiн әкiмге немесе министрге айыппұл салатынына сенбейдi. Мен Қасымов (ред. - ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов) туралы тiптi айтпай-ақ қояйын. Мысалы, жақында АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Джон Керримен бiр оқиға болды. Оған өз үйiнiң алдында уақытылы қар тазаламағаны үшiн айыппұл жазып берген. Оның баспасөз хатшысы айыппұлды төлейтiндiгiн мәлiм етiп үлгердi», - дедi Мемлекет басшысы.

Соған байланысты Президент бiрқатар тапсырмалар бердi. «Сондықтан, полицейлердiң мәртебесi мен оның азаматтар алдындағы жауапкершiлiлiгiн арттыру қажет. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз ететiн шаралар жиынтығын жасақтау, ақпараттық технологиялардың дамыту, бейнерегистраторлармен қамтамасыз ету қажет. Полицияға кәсiби-психологиялық iрiктеудiң жаңа жүйесiн жасау маңызды. Полицей бiлiктiлiгiн анықтау бойынша сынақтар өткiзiлiп отыруы шарт», - деп атап өтті Н.Назарбаев.