Полицейдің көлігін қаққан жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полицейдің көлігін қаққан жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тәртіп сақшысы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бастапқы болжам бойынша, жол жиегінде тұрған полицейдің ВАЗ 21214 көлігін «Сузуки» машинасы келіп қаққан. Қызметтік көліктің ішінде болған 40 жастағы полиция майоры оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы жағдай Алматы-Қаскелең тас жолының бойында болған. Қайтыс болған инспектор Қарасай аудандық ІІБ-де қызмет істеген.  Сондай ақ бұл көлікте тәртіп сақшысымен бірге 48 жастағы әйел адам отырған. Қазір ол түрлі жарақатпен Қаскелең қаласының ауруханасына жеткізілді.

Болжамға сәйкес, 24 жастағы «Сузуки»  машинасының жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған.

Соңғы жаңалықтар