Полицейдің жұбайы балаларын өлтіріп, сосын өз-өзіне қол салған - БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында полицейдің 34 жастағы жұбайы мен екі баласының қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Полицейдің жұбайы балаларын өлтіріп, сосын өз-өзіне қол салған - БАҚ

«Қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу барысында полиция әйелінің өз балаларын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды. Осыған байланысты қылмыстық іс тоқтатылды», - деп хабарлады ШҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Бақытжан Торғаев.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2017 жылдың 10 тамызында Қатонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында болған. Жергілдікті полицей жұмыстан келгеннен кейін әйелі мен екі қызын өлі күйінде тапқан. Он жасар және сегіз жасар қыздар пышақталған, ал 34 жастағы жұбайы сымға асылып тұрған. Олардың ауылдастары әйелдің балаларын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салуы мүмкін екендігін  болжаған.

Алайда құқық қорғаушылар аталған оқиға бойынша ресми мәлімдеме жасамаған еді.