Полицейге қол жұмсаған «Астана-Жезқазған» пойызының жолаушысы қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының 61 жастағы тұрғыны жеке куәлігін көрсетуді сұраған Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы ІІЖб қызметкерінің басына металл затпен ұрған.
None
None

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 22 желтоқсанда «Астана-Жезқазған» бағытындағы жолаушылар пойызында  болған.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес құқық бұзушы «орта деңгейдегі» алкогольді масаң күйде жүрген.

Аталған факт ҚР ҚК 380 бабы бойынша  сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді (Билік өкіліне қарсы күш қолдану).

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Аталған іс сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар