Полицейлер апта ішінде 10 кісі өлтіру қылмысын әшкереледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бір апта ішінде республика аумағында 2 904 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 2 904 қылмыс жасалды, оның 1 788-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 26 тонау және 393 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар ол Жетісу облысындағы автожолдарда «Крис-П» фоторадарлары жұмыс істей бастағанын атап өтті.

«Үш фоторадар жылжымалы кешені жолдардағы бұзушылықтарды тіркейді. Бұл ретте патрульдік полиция қызметкерлері бұзушылықтарды рәсімдемейді. «Крис-П» деректері Бас прокуратураның әкімшілік құқық бұзушылықтар базасын автоматты түрде толықтырады. Полицейлер автокөлік құралдарының жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға және бірінші кезекте жылдамдық режимін асырмауға шақырады», - деді министрлік өкілі.


Соңғы жаңалықтар