06:18, 28 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Полицейлер фильмге түсіп жатқан актёрді атқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Индиана штатында полиция бөліміне сырахананы қаруланған адамның тонап жатқаны жайлы қоңырау шалынған.
Бұл жайлы хабарлаған жан қолында тапаншасы бар, бетін тұмшалаған ер адамның сыраханаға кіргендігін хабарлаған, деп жазады FOX59.
Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер бетперде киген, қолында тапаншасы бар ер адамның сыраханадан шығып келе жатқанын көреді. Олар белгісіз жанды ұры деп есептеп әлгіге қарата оқ атқан. Бірақ тигізе алмайды.
Қатты қорыққан әртіс тапаншасын түсіріп алған және дереу маскасын шешіп жатып осында фильм түсіріліп жатқанын айтып үлгереді.
Анықтала келе, қарулы жан актёр Джим Дафф болып шықты. Бұл кезде сыра қайнататын компанияда фильмнің түсірілімі жүріп жатқан екен.