Полицейлер қаза тапқан әріптестерінің құрметіне обелиск орнатты

ПЕТРОПАВЛ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік  Қазақстан облысының  Жамбыл     аудандық  ішкі істер  бөлімінің  полицейлері     қызметтік міндеттерін  атқару  кезінде     қаза тапқан      әріптестерін еске алу  құрметіне   обелиск орнатты.   
None
None

Жамбыл ауданының орталығы - Пресновкада ескерткіш   орнату  туралы шешім    офицерлер  жиналысында    қабылданған болатын, ал    қаржыны  полицейлердің  өзі  жинады.

«Қаза тапқан  әріптестерімізді еске сақтау -    әрбір полиция  қызметкерінің   борышы  және  міндеті»,  -  дейді    Жамбыл аудандық ішкі істер  бөлімінің бастығы   Арман Құтышев. Сергей Васильченко, Ерік Оспанов, Александр Гордеевтердің  есімін  ауданның әрбір тұрғыны  біледі.  Олар - әр жылдары   қызметтік міндеттерін  атқару   кезінде  опат болған    полицейлер.

Обелискінің ашылу  рәсіміне аудан басшылары, ішкі істер  органының ардагерлері,     қаза болған   қызметкерлердің туыстары  шақырылды.    Бір минуттық үнсіздіктен   және   үш  дүркін   оқ атылып,    ескерткішке  гүл шоқтары  қойылды. Енді   аудандық  ішкі істер     бөлімінің әрбір  офицері    осы ескерткіштің   алдында   ант қабылдайтын  болады.

Соңғы жаңалықтар