14:48, 28 Мамыр 2013 | GMT +5
Полицейлер контрафактілік дискілер дайындайтын жасырын цехты әшкереледі
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қалалық ІІД полиция қызметкерлері аудио-бейне өнімдер дайындайтын жасырын цехты тапты,

деп хабарлайды astana.kz сайты қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Цех Астананың азаматшасы тұрған бір бөлмелі пәтерде орналастырылған. Әрі сол әйел қарақшылық өнімдерді өндірумен айналысқан. Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталған өнімдер қала базарларында сату үшін дайындалған.
«Тінту кезінде полиция қызметкерлері екі процессор, түрлі-түсті принтер, қарақшылық белгілері бойынша 1434 DVD дискілер, дискілерге арналған қораптар, фотоқағаздар, фильм аттары жазылған полиграфиялық өнімдер, жазылмаған дискілер тапты»,- делінген таратылған мәліметте. Осы факті бойынша сараптау, тексеру жұмыстары жүргізілуде.