Полицейлер шалғайдағы ауданда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты қолға түсірді

ОРАЛ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданында мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топ қолға түсті.
None
None
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Қараоба және Қошанкөл ауылдарының учаскелік инспекторлары Аслан Исләмов пен Әділбек Нұққалиев және олардың көмекшілері Марлен Қарабаев пен Артур Сариев ірі қараның ұрлануына байланысты жедел іздестіру шараларын жүргізеді. А.Сариев Қошанкөл ауылы тұсында «Фольксваген» автокөлігін байқап қалып, тоқтатуға тырысады. Бірақ ол елең қылмай, Қараобаға бет алады. Ақыры полицейлердің бірлесіп қимылдауы нәтижесінде автомашина ұсталып, оның жүксалғышына қан жұққаны анықталды. Қошанкөл тұрғындары 46 жасар Ж., 43 жасар Р. және 39 жасар З. өздерінің аудан аумағында оннан астам мал ұрлығына қатысқанын мойындауға мәжбүр болды.
Соңғы жаңалықтар