Полицейлер Шанxай базарын тексеріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық полицейлер «Шанxай» базарындағы құрылыс материалдарын сататын орындарды тексеруді бастады. Негізгі мақсат - ұрланған заттарды анықтау, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлер Шанxай базарын тексеріп жатыр

Астана қалалық ІІД таратқан ақпаратқа сәйкес, тексеріс шаралары арнайы рейд аясында атқарылып жатыр. Себебі дәл сондай жерлерде ұрланған заттар көп сатылады. Соның бәрін құрылыс нысандарынан, гараждардан және тағы басқа жерлерден тасиды. Тексеріс кезінде құдықтың қақпақтары, кабельдер, қолданылған құрылыс құрал-саймандары, темір қақпалар, радиаторлар анықталды. Алыпсатар жігіттер ол заттардың қайдан және қалай келгенін түсіндіре алмады.

Полицейлердің айтуынша, құқық қорғаушыларды көрген бойда қашқан сатушылар да болды. Бірақ оларды бірден қолға түсірді. Ұсталған азаматтардың ішінде көші-қон заңнамасын бұзғандар да бар.

Айта кетейік, бұған дейін тәртіп сақшылары екі автобазарда рейд өткізген болатын. Сол кезде 150 адам тексерілді. Олардың ішінде екеуі іздеуде болған екен. Тағы біреуі із-түзсіз жоғалған болатын.